Тамақтану

«Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп» КММ бракераж комессия және қамқоршылық кеңес мүшелері бірлескен ыссы тамақты зерделеу

Мектепте жалпы 1-11 сыныптар бойынша 695 оқушы білім алуда. Мектеп асханасында оқушылардың ыстық тағаммен қамтылуына жағдай қарастырылып, талапқа сай керек техникалық заттармен жабдықталған. Оқушыларға арналған тамақ ішетін стол орындық әр-түрлі тамақ ішетін ыдыстар, тамақ пісіретін электор пеші, тоңазытқыш, электр су жылытқышы, бұқтыру шкафы, сплит жүйе кондиционер ыдыс жуатын орындар мен тамақ сақтайтын қойма т.б қажетті құралдармен толық қамтылған. Асханада 1 аспазшы 1 көмекші аспаз 2 ыдыс жуушы жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында 2 тоқсан бойынша тегін тамақ ішетін жалпы 354 оқушы 1-4 сыныптар аралығында 294 оқушының ішіндегі 37 әлеуметтік топ 5-11 сыныптар бойынша 60 оқушы. Асханадан сатып алып тамақтануда 358 оқушыға тамақтар пісірліп толық тамақ ішуіне жағдай қарастырылған. Асхананың санитарлық жағдайын, күнделікті ас мәзірін мектеп директорына бекітіп, тағамның сапасын, тазалығын мектеп медбикесі Г.Исмагулова тексеріп отырады. Тамақтың берілуін бақылауда мектеп директорының оқу тәрбие жұмысының орынбасарлары, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысып бақылауда ұстап оқушылардың күнделікті тамақ ішілуі жөнінде тексерліп ай сайын есеппен акт жасалып отырады. Асханада күнделікті ас мәзірі мектеп басшысымен бектіліп ілінген.