Білім күні

📚БІЛІМ КҮНІ

«Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп» КММ-де 2024-2025 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді. Жаңа оқу жылында 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, 66 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Салтанатты жиынды мектеп директоры Ғ.Жиенғазиев ашып, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Дүзбаева, Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы Р.Мамешова құттықтау тілектерін білдірді.
Тәрбие тамыры ата-анадан, білім бастауы ұстаздан, ал, оқушы – мұғалім мен ата-ананың басты нысаны. Ата-ана, ұстаз, оқушы: үштік одағының арасындағы қарым-қатынас арқашанда берік болсын деген ниетпен алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндердің ата-аналары атынан Қуанышев Жандарбек Тарихұлына, бүлдіршіндер атынан Арманқызы Айбибіге және ұстаздар атынан Ғарифоллаева Алмагүл Ғарифоллақызына берілді.